thumb| alt=A.| Жылқышөп. Жылқышөп () – наурызшешек тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы. Негізінен қылқанжапырақты ормандарда шоқ-шоқ тоғай құрап өседі. Қазақстанда Көкшетаудың (Имантау, Сандықтау), Сарыарқаның аралас ормандары мен бұталары арасында Еуропа Жылқышөпті (Т. europaea) өседі. Биіктігі 7 – 15 см. Тік сабағының түп жағындағы жапырақтары ұсақ болады да, сабақтың ұшына қарай іріленіп шоқтанып орналасады. 4 ақ түсті гүлі болады. Күлте жапырақшалары жеті бөліктен тұрады. Ұсақ жәндіктермен тозаңданады. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Тұқымы – жұмыртқа тәрізді, үстіңгі жағы торлы келеді.

Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"

Санат:Наурызгүлдер