ЖЫЛАНДЫ– Имантау және Зеренді тауларының аралығындағы жота. Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол а-ның солт.-батысында 23 км-ге созылған, енді жері 5 км. Жота бірнеше ұсақ шоқылардан құралған. Оңт. беткейі тік жарқабақты келген. Солт.-батысынан Шағалалы өз-нің салалары бастау алады. Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Етегіндегі күңгірт қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы бұталары, қызғылт селеу, бетеге, сәбізшөп, жусан, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Жыланды (жота) · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.