Жөкей – Есіл алабындағы көл.
Тарихы Тайбұғалық. Есенбақты Жүкей бидің құрметіне қойылған.
Географиялық орны Ақмола облысының Біржан сал ауданында орналасқан. Щучинск және Степняк қалалары аралығындағы таулы-орманды алқапта, Бүркітті тауының шығыс баурайында жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 19,3 км2, ұзындығы 5,5 км, ені 4,6 км, тереңдігі 1,5-1,8 м. Көлдің батысы мен оңтүстікі тік, жарқабақты, қалған жағалаулары жазық, жайпақ келген. Суы ащы. Көлге солтүстігінен Сарымсақты өзені құйып, оңтүстік-шығысынан ағып шығады. Суы мол жылдары Қотыркөлге ұласып кетеді. Мал суаруға пайдаланылады, жайылмасы шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Біржан сал ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы