Тамыздың 10 — Григориан күнтізбесінде жылдың 222-ші күні (кібісе жылдарда 223-ші). Жылдың аяғына 143 күн қалады.

Мейрамдар Эквадор:Тәуелсіздік күні Қазақстан:Абай күні

Оқиғалар 1500 — Португал теңіз саяхатшысы Диогу Диаш (:en:Diogo Dias) Мадагаскар аралын ашты. 1809 — Эквадор Испаниядан тәуелсіз екенін жариялады. 1821 — Миссури АҚШ-тың 24-шi штаты болды. 1833 — Чикаго қаласының негізі қаланды. 1877 — Америкалық астроном Асаф Холл Қызылжұлдыздың Деймос серігін ашты.

Дүниеге келгендер 1823 — Антониу Диаш (:en:Antônio Gonçalves Dias) (1864), Бразилия ақыны. 1830 — Окубо Тосимити (:en: Ōkubo Toshimichi) (1878), жапон саясаткері. 1845 — Абай Құнанбаев (1904), қазақ ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы 1902 — Арне Тиселиус (:en: Arne Wilhelm Kaurin Tiselius) (1971), швед биохимигі, химиядан 1948 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты. 1913 — Вольфганг Пауль (:en: Wolfgang Paul) (1993), неміс физигі, 1989 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

Қайтыс болғандар 1843 — Якоб Фридрих Фриз (:en: Jakob Friedrich Fries) (1773), неміс философ-идеалисі, физигі және математигі. 1913 — Йоханнес Линнанкоски (:en: Johannes Linnankoski), фин жазушысы 1946 — Леон Гомон (:en: Léon Ernest Gaumont) (1864), Gaumont француз киносерiктестiгiнiң негiздеушiсi. Gaumont – әлемдегі бірінші киностудия.

Сыртқы сілтемелер

Санат:10 тамыз