Жантай – Өлкейек өзені алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы жерімен ағады.
Бастауы Жабасақ ауылының солтүстік-шығысындағы бұлақтардан бастау алады. Амангелді ауылының тұсында Толыбай өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 48 км. Аңғарында Жандай, Сандал, т.б. көптеген қыстаулар бар. Жағасы жайпақ. Қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында ериді. Суы мал суаруға, егін шаруашылығына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Әйтеке би ауданы өзендері