Сіләмхан Жапарханов (1927 жыл, 25 тамыз; Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қараш ауылы) — геология-минералогия ғылымдарының докторы (1974), професор (1982).
Қысқаша өмірбаяны 1953 - Қазақ тау-кен металлургия институтын бітірген. 1953–59 - Орталық Қазақстан геология басқармасының Ақадыр және Жезді экспедициясының гидрогеологы; 1959–66 - Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдар институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы; 1966–86 - Қазақстан ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында лаборатория меңгерушісі; 1986–91 - Қазақ политехнологиялық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологиялық университеті) кафедра меңгерушісі,професор қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбегі кен орындарының жер асты суын зерттеу мәселелеріне арналған. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлық (1980) лауреаты.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері