Евгений Иванович Шевцов (02.02.1910, Украина, Харьков облысы, Изюм ауданы, Камышеваха селосы – 1996, Қарағанды) – техника ғылымдарының кандидаты (1954), профессор (1970).

Өмірбаяны Днепропетровск политехникалық институтын бітірген (1932). Қарағанды қаласындағы Қазақ металлургия зауытында құю, мартен цехтарының және техникалық бөлімнің бастығы (1942–1954); 1954 жылдан Қарағанды политехникалық институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған.

Ғылыми жұмыстары Ғылыми еңбектері болат қорыту және құю өндірісі технологиялық процестерін жетілдіру мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. 5 авторлық куәліктің иегері.

Марапаттары КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1967).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 Еңбек Қызыл Туы ордені Құрмет Белгісі ордені

Дереккөздер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан металлургтері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессорлары Санат:Днепр политехника Ұлттық техникалық университеті түлектері