Табын жылқы шаруашылығы - жыл бойы жылқыны табиғи жайылымда бағып өсіретін шаруашылық. Табын жылқы шаруашылығы Қазақстанда ежелден қалыптасқан. Қазіргі уақытта да табиғи жайылымы мол өңірлердің бәрінде кең тараған. Табын жылқы шаруашылығында жаз жайлауда, қыс тебінде бағуға жақсы бейімделген байырғы қазақы жылқылармен қатар, соңғы уақытта шығарылған Көшім, Мұғалжар тұқымдарын өсіреді. Табын жылқы шаруашылығысұранысы мол экологиялық таза жылқы еті мен қымыз өндірудің тиімді жолы болып есептеледі.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
Дереккөздер
Санат:Мал шаруашылығы