«Eurosport 2» (Еуроспорт 2) — еуропалық спорттық арна; Еуропада хабар таратуды 2005 жылдың 10 қаңтарында бастады.
Арна туралы Eurosport 2 2005 жылдың 25 қаңтарында құрылған. Бұл арнаны шамамен 47 елде 50 млн адам тамашалайды, әлемнің 16 тілінде хабар таратады: ағылшынша, шведше, французша, италиянша, немісше, грекше, мажарша, орысша, болгарша, полякша, румынше, сербше, түрікше, чехше, датша және голландша.
Eurosport негізгі арнасынан айырмашылығы, ең алдымен сквош, регби, флорбол, бадминтон, үстел теннисі, экстремалды спорт түрлері және т.б. жастар спорт түрлерінің көрсетілуімен ерекшеленеді. Бірақ, классикалық спорт түрлері (еуропалық футбол, теннис) де көрсетіледі. Тәулігіне 24 сағат бойы хабар таратады.
Eurosport 2 HD
Eurosport 2 HD арнаның жоғарғы анықтықты нұсқауы. Қазіргі кезде ол тек қана Орталық және Солтүстік Еуропада хабар таратады және футболдан Германия чемпионаты, WWE реслинг шоуларын және австралиялық футбол матчтарынан тікелей эфир көрсетілімдері сияқты бірнеше эксклюзивті бағдарламаларды көрсетеді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Телеарнаның ресми сайты
Санат:Спорттық телеарналар Санат:Телеарналар