Анти́б (, ) — Лазурный жағалауындағы шипажайлы қала, теңіз жағалауындағы Альпы ауданындағы департамент, Прованс-Альпы-Лазурный аумағы, Франция мемлекетінде орналасқан қала.

2005 жылғы мәлімет бойынша қала тұрғындарының саны 72 300 адамды құраған. Канны мен Ницца аралығында Жерорта теңізінің Гаруп мүйісінде орналасқан. Антиб қаласында Лазурный жағалауында жиынтық тоннажы бойынша ең үлкен яхталық порт орналасқан. Бұл кемежай XX ғасырдың 60 жылдары римдік гавананың орнына салынған. Антиб қаласында тек бұл порт қана емес тағы осыған ұқсас бес порт бар - Вобан, Галис, Крутон, Оливьетт, Салис кемежайлары. Қала Антиб () мүйісімен және Жюан-ле-Пен () қалашығымен бірге бірыңғай әкімшілік бірлікті құрайды.

Экономикасы мен транспорты thumb|Fort Carré Антиб қаласында Лазурный жағалауы арқылы жүретін тамаша яхталар байланады.Олардың иелері өз меншіктерін және өздерін жарнамалауға бейім емес.Антиб қаласында парфюмерия лық өндіріс жұмыс жасайды.Қалада балықты қайта өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары сақталған,бірақ ол соңғы онжылда айтарлықтай қысқартылған.Сонымен қатар қалада темір жол вокзалы бар.

Сыртқы сілтемелер

Antibes official website Antibes pictures website

Санат:Альпі-Маритим департаментінің коммуналары Санат:Франция шипажайлары