Сьерредегі автобус апаты 2012 жылдың 13 наурызында Швейцарияның Сьерре қаласының маңында болған. Тау шаңғы курортындағы демалысынан қайтып келе жатқан бельгиялық және голландық оқушылардың автобусы Сьерре тоннелінің қабырғасына соғылып, нәтижесінде 28 адам көз жұмды, оның 22-сі 12 жастағы оқушылар. Сонымен қатар 24 оқушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Автобуста болған 52 адамның ішінде 24 адам тірі қалған, олардың көбісі 12 жастағы екі түрлі бельгиялық мектептердің оқушылары. Автобус 2012 жылдың 13 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 CET Вале кантонының оңтүстігіндегі Сьерре тоннелінің қабырғасына соғылды.

Апат Полиция мәліметі бойынша, оқушылар апатқа дейін бірнеше күн тау шаңғы курортында демалып, Бельгиядағы Хаверле (Фламанд Брабанты провинциясы) және Ломмел (Лимбург провинциясы) қалаларына қайтқан. 2012 жылдың 13 наурызында сағат 21:00 CET, автобус бұрылып, ернеуге соқтығысып, тоннельдің бетонды қабырғасына соғылды. Автобустың алдыңғы бөлігі қатты бүлініп, екі жүргізушісі апат жерінде жан тапсырды. Апаттың себебi орнатылмаған, бірақ жергілікті шенеуніктің сөздері бойынша, бұған механикалық ақаулықтар, адамның қатесі немесе жүргізушінің іс-әрекетке қабілетсіздігі болуы мүмкін.

Соққыдан автобус қатты бұзылып, жолаушылардың көбісі автобус сынықтарының астында қалды. Құтқару жұмыстарына көмектесу үшін, апаттан кейін тас жол екі бағытта да жабылды. Сегіз тік ұшақ пен ондаған жедел жәрдем машиналары зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция, 15 дәрігер мен 3 психолог құтқару жұмыстарына қатысқан.

Жолаушылардың ішінде отыз бір бельгиялық, он голландық оқушылары, бір неміс, бір британдық және бір поляк оқушысы болған. Осы апатта алты голландық бала құрбан болды.

250px|thumb|right|Сьерре тоннеліндегі апат болған орнына жеткен құтқарушылар, жедел жәрдем машиналары мен тік ұшақтары

Жолаушылар Ел Жолаушылар саны Қайтыс болғандар саны 39 21 10 6Nu.nl: Lommell herdenkt slachtoffers busramp 1 1 1 0 1 0

Дереккөздер

Санат:Жол апаттары