Рэйчел Бэквис (; 12 маусым 2002— 23 шілде 2011) өзінің жомарттылығымен танымал болған американлық қыз.
Өмірбаяны
АҚШ-тың Сиэтл қаласында 2002 жылдың 12 маусымында дүниеге келген.
Бір күні Рэйчел ата-анасын өз туған күнінде ақшаны сыйлықа таратпай, әлемдегі таза ауыз суды тапшылығынан азап шеккен адамдарға аударуды сұраған.
Осы қадамға ол дәрісті тыңдап кір және тазаланбаған судан күніне 4,5 мың ересек адамдар мен балалар қайтыс болатынын білгеннен кейін барды. Рейчел ата-анасының көмегімен "Charity: water" сайтында осы байғұс адамдарға көмектесу үшін қаражат жинауға арналған өзінің жеке парақшасын ашты.
Бірнеше аптадан кейін Сиэтлдегі тас жолдарының бірінде 20 автокөлік соғылып, осы апатқа ұшыраған ондаған адамдар аман қалып, тек қана Рэйчел көз жұмды.
Сонда дәрісті оқыған «Charity: water» қайырымдылық ұйымының жетекшiсі Скотт Харрисон желіде қыздың жеке парақшасын қайта ашып, оған көмекке арналған ақша түсе бастады.
Жиналған қаржының құны 1 миллион 200 мың долларды құрды.
Сонымен қатар ол шашын екі рет өсіріп, оны қатерлі ісікпен ауратын балаларға парик жасату үшін қиған және қайтыс болғаннан кейін оның ішкі мүшелері басқа бір адамның өмірін сақтап қалған.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Rachel’s Last Fund-Raiser
en:Charity: water#Rachel Beckwith