Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттық-мемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.

1917 жылы қазақтар екі төңкерістің - Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан социалистік революцияларының куәгері болды. Мұның біріншісі монархия мен орыс патшалығы билігін құлатуға мүмкіндік жасады. Ақпан революциясының нәтижесінде елде қос өкімет орнады. Қазақстан үшін мұның маңызы аз болған жоқ. Егер кеңестік тарихнамада Уақытша үкіметтің қызметі біртекті қара бояумен суреттелсе, қазіргі қазақстандық тарихнамалық жағдайда бұл мәселені зерттеуге басқаша көзқараспен қарау мүмкіндігі туды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, академик М.К. Қозыбаевтың Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски. Кн. 1, 2. Алматы, 2000. еңбектерінде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының, дәлірек айтсақ, Уақытша үкімет қызметінің Қазақстан үшін жағымды нәтижелеріне назар аударылды.

Тарихтың кеңестік кезеңі Алаш һәм Алашорда туы астында ұлт бірлігін нығайту жолындағы ұмтылыспен және қазақ автономияшылдары қозғалысының жеңілуімен, Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу, 1917 жылғы революция және Азамат соғысы салдарынан күйреген шаруашылықты соғыстан кейін қалпына келтірумен ерекшеленді. 1917 жылғы Қазан революциясы және одан кейін іле-шала бүркеткен 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы Қазақстан дамуының қоғамдық-саяси және экономикалық жүйесін айқындап берді. Қазақ мемлекеттігінің құрылуы, жерді есепке алу және кеңестік республикалар құрамында аумақтық шекараны анықтау айтулы кезең болып табылады. Шындығында, қазақтардың өмір салтындағы дәстүрлі жүйенің 20-30-жылдары күйреуі мен республиканың социалистік қайта құру үрдісінің жалпы ағымына қосылуы қасіретті оқиға еді. Ресей империясының шығысындағы бұрынғы отарларының индустриясы дамыған республикаларға айналғанына көз жұмып қарамағанның өзінде, бұл қайта құрудың нақты адамдар тағдыры мен оқиғаларға байланысты берілетін шынайы бағасын айтпай қалуға болмайды.

Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн.

Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған «Истпарт» (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде алғашқылардың бірі болып, 1921 жылдың 24 қарашасында құрылған Семей истпарты қызмет ете бастады. Ал 1924 жылға қарай губерниялық партия тарихы мекемелері Ақмола, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей, Жетісу губернияларында іске қосылды. Осымен бір уақытта сол кезде Түркістан АКСР-інің құрамына енген Қазақстан аудандары аумағындағы революцилық қозғалыс тарихын Түркістан партия тарихы мекемесі зерттеді. Сондай-ақ аталған мәселені зерттеу ісіне Сібір, Омбы және басқа да шекаралас аймақтардағы осы секілді комиссиялар өз үлестерін қосты. 20-жылдары, бұрынғыша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым академиясының мекемелері жүргізді. Алайда бұрынғы жылдардағыға қарағанда бұл жұмыс неғұрлым кең ауқымды әрі мақсатты сипатқа ие болды.

Мұндай ғылыми мекемелердің ішінен қазақтардың саны мен орналасуын зерттеумен айналысатын Ресейдің ұлттық кұрылымын зерттеу комиссиясының Түркістан және Сібір бөлімдерін; КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы антропологиялық отрядын; Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясын; Шығыс мәдениеті, антропология мен этнография мұражайларын ерекше атауға болады. Бұл кезде, ең ірі бөлімі тарихи-этнографиялық бағытта жұмыс істеген Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі есіп, тереңдей түсті. Қоғамтану бағытындағы жұмыстарды партия тарихы мекемелерімен бірге, КазКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми, ағарту және көркемдік саладағы қызметіне басшылық ететін академиялық орталығы да үйлестіріп отырды.

Сөйтіп XX ғасырдың 20-жылдары қазақ өлкесінің тарихын зерттеудің ғылыми және ғылыми-ұйымдық ұстанымдарының негізі салынды. Бұл үрдістін айқын түрдегі таптық-идеологиялық, партиялық сипаты болды, себебі Қазақстанда партия ұйымдарын құрумен тығыз байланыста жүргізілді. Дәл осы фактор тарих көріністерін таңдауда, жекелеген тарихи тұлғалардың және тұтас оқиғалар мен құбылыстардың КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңдердегі рөлі мен мәнін бағалауда айқындаушы маңызға ие болды. Сондықтан алғашқы тарихи жұмыстар Қазақстан аумағындағы революциялық проблемаларға, Азамат соғысы тарихына арналды.

20-30-жылдардағы басылымдарда, кейіннен партия және кеңес органдарының көрнекті қызметкерлері болған, Азамат соғысы мен Кеңес өкіметі үшін күрестің белсенді қатысушыларының қаламынан туған мемуарлық сипаттағы материалдардың үлесі орасан зор болды Әйтиев Ә. Тарихи күн // Кызыл Қазақстан, 1921, №3; Соныкі. Октябрь төңкерісі жіәне ұлт мәселесі // Қызыл Қазақстан. 1923, №1; Соныкі. Из истории общественно-политического движения в Уральской области // Степные зори. Оренбург. 1923. Книга 1; Меңдеіиев С. Қазақ Республикасынын үш жыл жасауы // Қызыл Қазақстан. 1923, №22; Соныкі. Киргизская автономная Республика // Жизнь национальностей. 1923, №1; Соныкі. Ленин (және] шығыстың еңбекшілері // Қызыл Қазақстан. 1924, №1—2; Жолдыбаев М. Октябрь төңкерісі және Қазақстан // Қызыл Қазақстан. 1922, №12; Тоғжанов Г. ¥лт мәселесі һөм Кенес өкіметі // Тілші. 1923, №1; Сейфуллин С. Өткен істердің қорытындысы // Қызыл Қазақстан. 1923. №23; Соныкі. Тар жол, тайғақ кешу. Қызылорда. 1927. (Переиздания: на казахском языке — А., 1936, 1960, 1977, на русском под названием «Тернистый путь» — А., 1975); Рыск,улулы Т. Төңкеріс және қазақ халқы // Еңбекші қазақ. 1926, 8 маусым; Соныкі. Революция и коренное население Туркестана. Ташкент. 1925. (Переиздание: Рыскулов Т. Собрание сочинений в трех томах. Том 1. А., сол кезде1997, 49-324-6.); Соныкі.Октябрь в Туркестане // Казахстанская правда. 1936, 25-29 сәуір; Соныкі.Октябрьге әзірлену күресінде // Социалды Қазақстан. 1935. 5 қараша.Соныкі. Против извращения истории казахского народа// Большевик Казахстана. 1936, №1—2; Бекұлы О. Азамат соғысында біз қалай жеңіп шықтық / Қызыл Қазақстан. 1928, №1-2.

Бұл авторлардың жарияланымдарында 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай, тұрғындардың әр алуан жіктерінің 1917 жылғы екі төңкеріске қарым-қатынасы, 1918-1920 жылдардағы «қызылдар» мен «ақтардың» қарулы қақтығыстары туралы зерттеушілердің қалың ортасына көп белгілі емес, қызықты материалдардың болуымен құнды, сондай-ақ «Пролетариат диктатурасы» мемлекетінің органы ретіндегі жергілікті Кенестердін калыптасу үрдісі туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен катар ол жарияланымдарда, орталықтағы Казан төнкерісінің женісі және Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да Кенес өкіметін орнату еңбекшілердің түпкілікті мүдделеріне жауап беретін занды кұбылыс екендігі және сондықтан да Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінін және олардың жақтастарының коммунистік идеология мен Кеңес өкіметінің нақты іс-қимылдарына қарсы бағытталған теориялық көзқарастары мен практикалық іс-шаралары халыққа және революцияға қарсы әрекет болып табылатындығы жайындағы тезисті дәлелдеуге талпыныс жасалған. Ал дәл осы орайдағы мәселені А. Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басқаша пайымдады. Мәселен, А. Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы «Жизнь национальностей» басылымында жарияланған (1919 жыл, 3 тамыз) «Революция және қазақтар» деген мақаласында: «Қырғыздарға (қазақтарға. - авт.) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай куанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен карсы алуларына тура келді», — деп жазды. Мұны ол Ақпан революция қазақтарды «патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті, - деп түсіндіреді, - және... олардың өздерін дербес баскару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның кырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады». Бірақ мұндай пікірлер мен көзқарастар Қазан революциясы мен 20-30-жылдардағы Азамат соғысы тарихнамасында озық идея бола қойған жоқ және бұл жағдай 80-жылдардың соңына дейін жалғасты. 20-30-жылдар мақалаларының барлығының, өзінің мазмұны мен тарихи оқиғаларды қамтуы жағынан маңыздылығы бірдей емес еді. Олардың көпшілігі Қазақстанның жекелеген, жергілікті аудандарына немесе Азамат соғысы мен Кеңес өкіметінің және оның Қазақстанда орнығу үрдісінің жекелеген оқиғаларына арналды.