Әмен Елемесұлы Тұяқов (1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында туған) - кеңестік және қазақстандық жеңілатлетші. Жеңіл атлетикадан КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері (1965). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Маңғыстау облысының құрметті азаматы.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Толығырақ Әмен Елемесұлы 1938 жылы 12 ақпанда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Гурьев педагогикалық инистутының (қазіргі Атырау мемлекеттік университеті)нің физика-математика факултетін бітірген.
Еңбек жолы 1960 жылы Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс меділінің иегері. 1962 - 1963 жылдары және 1965 - 1967 жылдары КСРО чемпионатының 200 м-ге жүгіруден алтын медалінің иегері. 1962 - 1963 жылдары 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы. 1963 - 1967 жылдары КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы. 1966 жылы Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері Будапешт, Венгрия. 1965 жылы кубок жеңімпазы. Штутгарт. Германия. 1965 жылы АҚШ эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды. 1966 жылы КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. 1963 - 1967 жылдары Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу). 1962 - 1967 жылдары Чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. 1971 - 1992 жылдары Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернатта бапкер 1992 - 1999 жылдары жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды.
Мемлекеттік марапаттары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1965 жылы "Ұлы отан соғысына 20 жыл" медалі 1965 жылы КСРОның "Құрмет белгісі" Ордені 1965 жылы КСРОның Еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы берілді. 1967 жылы "КСРО Қарулы күштерінe 50 жыл" медалі 1970 жылы "Ерен еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі 1997 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. 2007 жылы елбасының жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды. 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі 2011 жылы Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке айрықша белгідегі "Алтын барыс" төсбелгісінің иегері. Маңғыстау облысының құрметті азаматы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жеңіл атлеттері Санат:КСРО спорт шеберлері Санат:КСРО спартакиадасының чемпиондары Санат:КСРО спортшылары Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:КСРО жеңіл атлеттері Санат:Маңғыстау облысының құрметті азаматтары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Алфавит бойынша жеңіл атлеттер