Халықаралық Олимпиада комитеті (қыс. ХОК) — халықаралық ұйым, Олимпиада ойындарын қайта дамыту және олимпиада қозғалысын насихаттау үшін құрылған ұйым. Комитеттің штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. ХОК 1894 жылғы 23 маусымда барон Пьер де Кубертенмен және Деметриус Викеласпен Париж қаласында құрылған. Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Қазіргі кезде оған 205 ұлттық олимпиада комитеті мүшелік етеді (бірақ, Кувейт 2010 жылы мүшелік етуді уақытша тоқтатты).
ХОК әр төрт жылда бір рет жазғы және қысқы қазіргі Олимпиада ойындары мен жасөспірімдер үшін Олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Халықаралық олимпиада комитетімен ұйымдастырылған алғашқы жазғы Олимпиада ойындары 1896 жылы Грекиялық Афинада өткізілді, ал алғашқы қысқы ойындар Франциядағы Шамони қаласында 1924 жылы өтті. 1992 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілетін еді. Бірақ, 1992 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар араға екі жыл салып өтіп тұрады. Алғашқы жазғы жасөпірімдер Олимпиада ойындары 2010 жылы Сингапур қаласында өтті, ал қысқы 2012 жылы аустриялық Инсбрукте.Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күні тойланады.
ХОК президенттері Президенттер Мемлекет Қызмет еткен жылдары Деметриус Викелас Грекия 1894—1896 Пьер де Кубертен 1896—1916 және 1919—1925 Годфруа де Блоне 1916—1919 (м. а.) Анри де Байе-Латур 1925—1942 Зигфрид Эдстрём 1946—1952 (м. а. 1942—1946) Эвери Брендедж 1952—1972 Майкл Килланин 1972—1980 Хуан Антонио Самаранч 1980—2001 Жак Рогге 2001—2013 Томас Бах 2013—2025 Кирсти Ковентри 2025
Дереккөздер
Санат:Олимпиада ойындары Санат:Халықаралық ұйымдар Санат:Халықаралық спорт ұйымдары