Автомобиль нөмiрі — автокөлiк құралын мемлекеттік тіркеуге алғанда берілетін - нөмір белгісі. Ол әдетте көліктің алдыңғы және артқы жағында металл немесе пластмассадан жасалған жарық қайтаратын тақтайшада бейнеленеді. Сондай-ақ қағаз түрінде көліктің алдыңғы және артқы терезелеріне де қондырылуы мүмкін (көбіне транзитті нөмірлер).

Көбінесе, автомобиль нөмірі көліктің белгілі бір елдің қайсыбір әкімшілік бірлігінде (облыс, қала, аудан) тіркелгенін айшықтап тұрады.

Көптеген мемлекеттерде нөмірлерді орталық тіркеу мекемесі, ал Канада, Аустралия, Германия, Пәкістан және АҚШ-та нөмірлерді жергілікті билік мекемесі үлестіреді.

Тарихы Нөмір белгілері автомобильдерден бұрынырақ пайда болды. 1893 жылы 14 тамызда Франция Париж полициясының жарлығы бойынша нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды, оның артынан 1896 жылы Германия да солай істедіDe Autogids.nl . 1898 жылы Нидерланд "жүргізу рұқсаты" деп аталған ұлттық тіркеудегі нөмір белгілерін таныстырған алғашқы ел болды. Бастапқыда бұл нөмірлер жай ғана 1-ден бастап ретпен берілген сандар болды, бірақ кейін 1906 жылы өзгертілді.

Әр штаты өз нөмірлерін басып шығаратын АҚШ-та, Нью-Йорк штаты алғашында 1901 жылы көлігінің арт жағында көлік иесінің аты-жөнінің бірінші әріптері (инициалы) көрінетіндей болуын талап еткеннен кейін, 1903 жылдан бастап автомобиль нөмірлерін (ақ фондағы қара түсті сандар) талап ете бастадыLaws of New York Chap 531, §169a, Apr 25, 1901; Chap. 625, §169a, мамыр 15, 1903. Бастапқыда көптеген құзіретті орындарда нөмір белгілері үкімет тарапынан шығарылмаған болатын, сол себепті моторлы көлік иелері өздері жасап шығарулары керек болды. 1903 жылы Массачусетс нөмір белгілерін шығарған алғашқы штат болды.

Құрама Патшалықта нөмір белгілері алғаш рет 1904 жылдың 1 қаңтарынан бастап автомобиль акты (Motor Car Act) бойынша талап етіле бастадыThe Early Motor Bus: Charles E Lee, London Transport Executive 1974 page 2.

Қазақстанның автомобиль нөмірлері

thumb|left|150px|Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «A» — Алматы. «P» әрпіне аяқталатын соңғы сериялардың бірі thumb|left|150px|Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Е» — Атырау облысы thumb|left|150px|Көлік құралы иесі жеке тұлға болғанда, берілетін нөмір. «H» — Жамбыл облысы thumb|150px|Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «X» - Түркістан облысы.thumb|150px|Көлік құралы иесі заңды тұлға болғанда, берілетін нөмір. «Z» - Астана

Қазақстан автомобиль нөмірлерінің кестесі

1993 жылғы жүйе Аймақ коды Аймақ A Алматы B Алматы облысы C Ақмола облысы D Ақтөбе облысы E Атырау облысы F Шығыс Қазақстан облысы H Жамбыл облысы K Қарағанды облысы (бұрынғы Жезқазған облысы қазіргі кезде берілмейді) L Батыс Қазақстан облысы M Қарағанды облысы N Қызылорда облысы O Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы (бұрынғы Көкшетау облысы, қазіргі кезде берілмейді) P Қостанай облысы R Маңғыстау облысы S Павлодар облысы T Солтүстік Қазақстан облысы U Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы, қазіргі кезде берілмейді) V Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы, қазіргі кезде берілмейді) W Ақмола облысы, Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы, қазіргі кезде берілмейді) X Түркістан облысы Z Астана

2012 жылғы жүйе Аймақ коды Аймақ 01 Астана 02 Алматы 03 Ақмола облысы 04 Ақтөбе облысы 05 Алматы облысы 06 Атырау облысы 07 Батыс Қазақстан облысы 08 Жамбыл облысы 09 Қарағанды облысы 10 Қостанай облысы 11 Қызылорда облысы 12 Маңғыстау облысы 13 Түркістан облысы 14 Павлодар облысы 15 Солтүстік Қазақстан облысы 16 Шығыс Қазақстан облысы 17 Шымкент 18 Абай облысы 19 Жетісу облысы 20 Ұлытау облысы

Сыртқы сілтемелер Platesmania.com - Көлік құралдары мен нөмір белгілерінің суреттері Нөмір белгілері форумы Нөмір белгілері форумы - Қазақстан

Дереккөздер

Санат:Автомобиль