Алексей Иванович Тевкелев(1674 – 1766) – тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев.

Өмірбаяны 1711 жылы Петр I-нің Прут жорығына қатысып, онда тілмаштық қызмет атқарған.

1716 жылы А.Бекович-Черкасскийдің Хиуа мен Бұхарға жасаған экспедициясына қатысқан. 1719 жылы Сыртқы істер коллегиясына тілмаш болып қызметке орналасты.

1720 жылы Аюке ханның қарамағына қалмақ тілін үйренуге жіберіледі.

1722 – 1723 жылы парсы жорығына Петр I-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы ретінде қатысты.

1730 жылы Әбілқайырдың Санкт-Петербургке келген елшілерін қабылдаушылардың қатарында болды және осы елшілікке жауап ретінде патша өкіметінің Кіші жүзге жіберген елшілігін басқарды.

Кейіннен И.К. Кирилловтың Орынбор экспедициясына

1735 – 1736 жылы башқұрт көтерілісін басуға қатысты. Тевкелев басқарған жазалаушы отрядтар 50 деревняны өртеп, 2 мыңдай адамды өлтірді.

1742 жылы бригадалық генерал атағын алды.

1743 жылы Тевкелевтің тікелей қатысуымен Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше қамалдың негізі қаланды.

1743 – 1749 жылы патша өкіметі оны Әбілқайыр басқарған Кіші жүз билеушілері мен Орынбор әкімшілігі арасындағы жанжалды реттеуге пайдаланды.

1751 – 1759 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің көмекшісі болып, патша өкіметі жүргізген отаршылдық саясаттың сойылын соқты.

1755 – 1756 жылы кезекті башқұрт көтерілісін басу кезінде қазақ даласына қашып кеткен башқұрттарды кері қайтару ісіне араласты.

1760 жылы қызметтен біржола босап, демалысқа шықты. Тевкелевтің елшілік қызметі барысында жүргізген мың беттен астам “Күнделігінде” қазақтардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірі жайында және ру-тайпалық құрамы туралы көптеген мәліметтер қамтылған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Тағы қараңыз Тевкелев елшілігі Тевкелев комиссиясы

Санат:1674 жылы туғандар Санат:1766 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей дипломаттары Санат:Қалалардың іргетасын қалаушылар