Жаңаөзен оқиғасы — 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан жергілікті жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында болған қақтығыс.

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.

17 желтоқсан күні Маңғыстау ауданының орталығы болып саналатын Шетпе станциясында жергілікті тұрғындар Жаңаөзендегі ереуілшілерді қолдау мақсатында жолаушыларды тасымалдайтын поезді басып алды. Поездың алдында жатқан шпалдарды бұза бастады. Поезд өртке айналып адамдарға қауіп төнді. Полиция қызметкерлері қару қолдану салдарынан бір адам оққа ұшты.

Хронология 2011 жыл Маңғыстау облысында орын алған Қаражанбасмұнай және Өзенмұнайгаз кәсіпорындарындарындағы жұмысшылардың ереуілдері 2008 жылдан бері жалғасып келе жатқан ереуілдердің жалғасы болды.

# Жыл Кәсіпорын Сипаттамасы Ұзақтығы 1. 2004 Өзенмұнайгаз ӨФ 2. 2008 маусым Өзенмұнайгаз ӨФ көлік мекемелерінің жұмысшылары ереуілге шықты. Ереуілшілер жоспарланған қайтақұруға және активтерді жекеменшікке өткізу бағдарламасымен келіспеушіліктен туындады. Кейіннен талаптар саны 7 дейін өсті. 15 күн 3. 2009 наурыз Бұрғылау ЖШС жұмысшылар кәсіпорынның жекеменшік қолда болуына қарсы болды және қайтадан Өзенмұнайгаз ӨФ қайта оралуын талап етті. 2 күн 3. 2009 қыркүйек Өзенмұнайгаз ӨФ жұмысшылар еңбекақысын төлеу жүйесіне қарсылық ретінде аштық жариялаған әріптестерін қолдау мақсатында ереуілге шықты. Артынан жаңа 8 талап қосылды 4. 2010 наурыз Өзенмұнайгаз ӨФ Ереуілдің негізгі себебі еңбек ақы төлеу жүйесіне эәне оны ендіру амалдарына қарсылық болды. Ереуілшілердің 14 талабын орындау мақсатында келісім комиссиясы құрылды.Қазан айында Өзенмұнайгаз ӨФ көлік қызметкерлері УОС-5 жүргізушісі Т. Кашановты құқық қорғау органдарының тұтқынға алуына қарсы ереуілге шықты. Т. Кашанов есірткі сақтағаны және тасымалдағаны үшін тұтқындалған болатын 2 күн 5. 2011 Қаражанбас Қаражанбасмұнай және Өзенмұнайгаз өнеркәсіптерінің қызметкерлері еңбек ақыларын өсіруді талап етіп ереуілге шықты. Ұяшық мәтіні

Жаңаөзен қаласы 16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңында жиналған ереуілшілер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шаралардың өтуіне қарсы екендерін хабарлаған болатын. Алайда қала әкімшілігі алаңға киіз үйлер тігіп, мерекелік концерт өткізуді жоспарлаған еді. Ереуілшілер алаңға қарай бағытталған мектеп оқушыларының мерекелік шеруін тоқтатып, оның өтуіне тосқауыл қойды. Араға полиция қызметкерлері араласты. Ереуілшілер тобы полиция қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамастан, арада тұрған қоршауды бұзып өтіп, сахнада тұрған техниканы құлатуға және сындыруға кірісті. Ереуілшілер арасында үгіттеуші әйел адамдар да болды.

Жаңаөзен қаласында болған қанды оқиғаға байланысты желтоқсанның 24-і полиция, 26 мұнайшыға іздеу жариялады.

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танымал болған бірнеше блогерлер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің шақыруы бойынша Маңғыстау облысына аттанды. Блогерлерге жүктелген міндет қаладағы жағдайды барынша әділ суреттеп жеткізу.«Жаңаөзен. Куәгерлердің көзімен»

22 желтоқсан күні Бас Прокуратура Жаңаөзен қаласының ауруханасына түскен азаматтардың тізімін хабарлады 2011 жылдың 16 мен 18 желтоқсаны аралығында жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде жәбірленіп, Жаңаөзен қаласы орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне түскен адамдардың ТІЗІМІ

Жаңаөзен коменданты Аманжол Қабылов журналистерге қақтығыс орын алған алаңнан және қатысушылардың үйлерінен тәркіленген суық қарулар мен травматикалық қару жарақтарды көрсетті Правоохранительные органы показали изъятое с мест беспорядков в Жанаозене оружие.

Бірнеше полиция қызметкерінің үстінен қызметін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық істер қозғалды. Аталған шараларға наразылық танытқан Жаңаөзен полиция қызметкерлері жаппай жұмыстан кетуге арыз жазуға дайын екендерін хабарлады В Жанаозене назревает протестная акция среди полиции.

2012 жылдың 6 ақпан күні Қаржы полициясы Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сапбөпеевті тұтқынға алды. Қазақстан заңдарына сәйкес 3 күнге тұтқындалды Финансовая полиция задержала акима Жанаозена. 9 ақпан күні Жаңаөзен қаласының әкімі болып Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі Серікбай Трумов тағайындалды В Жанаозене новый аким.

Шетпе 17 желтоқсан күні Жаңаөзендені ереуілшілерді қолдау ниетімен бір топ адам Шетпе станциясына ереуілге шықты. Ереуілшілер станцияға келіп тоқтаған барлық теміржол көлігін тоқтатып, рельстарды бұза бастады.

Шетпеде болған толқулар кезінде 30 жастағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің сержанты Төребек Төлегенов қайтыс болды, 12 адам жараланды. 22 желтоқсан күні Бас Прокуратура Шетпедегі зардап шеккен азаматтардың тізімін жариялады.2011 жылдың 17 желтоқсанында Шетпе кентіндегі жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде құрбан болғандар мен жәбірленгендердің ТІЗІМІ

Төтенше жағдай 2011 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев №197 Жарлығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының аумағында Төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Аталған Жарлық 17 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00 ден бастап күшіне еніп 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасты.Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы; Желтоқсан 16, 2011

Президент 22 желтоқсан күні Маңғыстау облысына арнайы сапармен Президент Нұрcұлтан Назарбаев келді. Маңғыстау обллыстық әкімдігінің ғимаратында жергілікті активпен кездесті. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты өз еркімен қызметтен босататындығын және жаңа әкім ретінде Бауыржан Мұхамеджановты тағайындайтынын хабарладыҚазақстан ұлттық арнасы, Елбасы Маңғыстау облысында жиын өткізді ,Қазақстан Республткасы Президентінің ресми сайты, Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді..

Сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы АҚ-ның басшысы ретінде Ләззат Қиынов«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы болып Ләззат Киинов тағайындалды , ал ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру компаниясының басшысы ретінде Алик Айдарбаев тағайындалды«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жаңа Бас директор сайланды .

Президент алдына қойылған тапсырманы орындамағандықтан Тимур Асқарұлы Құлыбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы қызметінен босатылатынын хабарлады BAQ.kz, ҚР Президенті «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Тимур Құлыбаевты отставкаға жібереді .

Бас Прокуратура 2012-ші жылдың 25-ші қаңтар күні Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарының алғашқы қорытындысын хабарлады. Оның айтуынша жастардың жаппай тәртіпсіздігінің салдарынан қаланың 125 нысанына зардап тиген. Олардың ішінде Жаңаөзен қаласы мен Теңге кенті әкімдіктерінің, Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың ғимараттары, полиция бекеттері, «Өзенмұнайгаз» компаниясының офисі, «Аруана» қонақ үйі, «Сулпак», «Атлант» және «Шолпан» сауда орталықтары, 5 (бес) банк мекемесі, 9 (тоғыз) банкомат, 21 (жиырма бір) автокөлік, тұрғын үйлер, сондай-ақ көптеген кіші және орта бизнес объектілері бар.

Жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу және бейбіт азаматтарды қорғау үшін облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы оқиға орнына полицияның жиынтық жасағын аттандырды. Олар суық қаруды, тас, таяқ және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді қолданған топтың шабуылына тап болды. Полиция күштерімен болған қақтығыс кезінде 64 адам атылған оқтан жараланды, оның 14 мерт болды. Одан тыс 2 адамның өлімі қақтығыс салдарынан болмаған. 35 полиция қызметкері әртүрлі дәрежеденгі жарақаттар алған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаға қатысты мәлімдемесі.

Арнайы прокурор бастаған ведомствоаралық іздестіру тобының тергеу жұмыстарының нәтижесінде полициямен қақытығыс қйымдастырған 6 адам анықталды. Бұзақылық әрекеттер жасап, тонаумен айналысқан белсенді адамдар анқталып қамауға алынды. Жаппай тәртіпсіздіктердің 6 (алты) ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Уткилов және Тулетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 (екі жүз қырық бірінші) бабының 1 (бірінші) бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 (жиырма үш) белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 (он бір) адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады.

Президенттің тапсырмасы бойынша қоғамдық тәртіпті орнатуға қатысқан полиция қызметкерлері әрекеттерінің заңдылығын тексеру жұмыстары басталды. Әсіресе қару қолдану мәселелеріне қатысты. Тергеу полиция қызметкерлері бейбіт тұрғындар мен өздерінің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп-қатер төну жағдайында негізінен заңды әрекет еткенін көрсетті.

Бағынышты қызметкерлердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған шаралар қолданбай, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны үшін полицияның жиынтық жасағын басқарған Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Утегалиев қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Адамдардың өліміне әкеп соққан қару-жарақты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке: - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаев; - Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлы; - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Тергеу арқылы Базарбай Кенжебаевтың қаза болу фактісіне де баға берілді. Туыстарының айғақтары бойынша оның өліміне Жаңаөзен қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысында келтірілген дене жарақаттары себеп болған.

Аталған факті бойынша Кенжебаевты абақтыда заңсыз ұстауға жол бергені және оның дер кезінде ауруханаға жатқызылуын қамтамасыз етпегені үшін Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысының бастығы Теміров қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, қаза болғанды ұрып-соғуға кінәлі тұлғаларды анықтау жөніндегі шаралар қабылдануда.

Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан мұнайшылардың ұзақ ереуіліне және әлеуметтік шиеленістің үдеуіне жергілікті атқарушы органдар мен мұнай кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері ықпал еткен.

Қаржы полициясы органдары аталған тұлғалар, қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлағандарын анықтады. Тергеу мәліметтері бойынша қаражатты ұрлауды Жаңаөзен қаласының бұрынғы және қазіргі әкімдері Бабаханов және Сарбөпеев «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асырған.

Аталған қорларда «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған демеушілік көмегінен түскен қаражат шоғырланған. Ақшаның басым бөлігі кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемделген. Көрсетілген лауазымды тұлғалар мен аталған қорлардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Жекелеген тұлғалардың жұмыстан босатылған жұмысшыларды наразылық акцияларын жалғастыруға және билікке қатаң қарсы тұруға бейімдеу жөніндегі белсенді әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктердің себептерінің бірі болып табылады. Сараптамамен олар таратқан үгіт материалдардың мазмұнында әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар екендігі анықталды. .

2 наурыз 2012