Пресновка — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, аудан және Преснов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы — Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 147 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 6585 адам (3196 ер адам және 3389 әйел адам) болса, 2009 жылы 5725 адамды (2675 ер адам және 3050 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты халықта «Қасірет белдеуі» аталып кеткен орыс бекіністері желісінің құрылуына байланысты қаланған. 1961 жылы Пресновкада астық өсіретін кеңшар құрылды. 1996 жылы кеңшар негізінде бірнеше акциондық қоғамдар мен мемлекеттік “Плодородие” кооператив одағы ұйымдастырылды. Бүлардан басқа Пресновкада асфальт зауыты, аудандық электр торабы басқармасы, орман шаркашылығы, құрылыс ұйымдары, тамақ комбинаты, т.б. И.П. Шуховтың мұражай үйі бар. Пресновка арқылы «Петропавловск — Қостанай» автомагистралі өтеді.

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері Санат:Сібір казак әскерінің елді мекендері