Мұхамедғалиев Фазыл (15.11.1911 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Мешітқұм ауылы – 15.11.1989, Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1949), профессор (1949), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1967), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971). Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1933). Осы институтта оқытушы, кафедра меңгерушісі (1933–51), ректор (1951–57), Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті (1957–60), Қазақ КСР-і ғылым академиясының Эксперименттік биология институтының директоры (1960–87) қызметтерін атқарған.Биоморфология дыхательной системы млекопитающих«Биоморфология дыхательной системы млекопитающих» тақырыбында докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері жануарлар морфологиясы мен генетикасына арналған.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Cілтемелер зоотехника профессор

Санат:Қазақстан ғалымдары